Жайық өзенінің үстінен салынған бірнеше көпір бар. Соның бірі Балықшы және Жұмыскер елді мекенін жалғап тұр. Кеше, 29 қазанда сағат 23:05-те дәл осы көпірден 20 жастағы қыз секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Көпірден секіріп, мерт болған қыз 2000 жылы туған. Оқиға орнына құтқарушылар келгенге дейін сағат 23:17-де полиция қызметкерлері қыздың денесін судан шығарды", деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.