• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2020

Атыраудан 100 жігіт әскерге аттанды

385 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне жас сарбаздардың алғашқы легін аттандыру  облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанындағы жинақтау пунктінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медициналық комиссиядан өткен атыраулық 100 жас оңтүстік өңірдегі әскери бөлімде қызмет етеді.

"Шақыру қағазын алған соң дереу шақыру пунктіне келдім. Медициналық комиссиядан өттім. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге дайынмын", дейді әскерге шақырылушы Равиль Жоламан.

Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатбалдиевтың айтуынша, биыл облыстық медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігерлер енгізіліпті. Әскерге шақырылушылар әскери бөлімдерге аттанар алдында міндетті түрде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тест тапсырады. Сонымен қатар, оларға инфекциялық бактерияға қарсы заласыздандыру үшін гель, медициналық қолғаптар мен маскалар беріледі.

"Біздің облыстан ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтау жоспары толықтай орындалды. Ендігі кезекте Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін толықтыруды  бастадық", деді Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатбалдиев.