Кеше Атырауда кәсіпқой бокс кеші өтіп, онда қазақстандық бес боксшы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласын нокаутқа түсірді.
Бұл – оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі. Ол шаршы алаңда Танзаниядан келген 28 жастағы боксшы Ибрагим Маоколумен кездесті. Қазақстандық боксшы екінші раундта ұрымтал сәтті қалт жібермей, қарсыласын нокаутпен жеңді.