• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Білім 02 Қараша, 2020

Білімге ұмтылған бесеу

428 рет
көрсетілді

Білім алуға ұмтылған оқу­шы­лар­ды қолдаушылар көп. Солар­дың қа­тарында халық­аралық «MINIBOSS» биз­нес-мектебі де бар. Жа­қында Аты­­раудағы Назарбаев зият­­керлік мек­тебінің бес оқу­шысы аталған мек­тептің білім грантына ие болды.

 

Кәсіпкерліктің әліппесін тереңірек танытуды мақсат еткен оқу орнында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бір жыл тегін білім алады. Дарынды балалардың бизнес-жобасын дайындауға Қазақстан мен Ұлыбританияның осы саладағы жетекші мамандары қолдау көрсетуді көздеп отыр.

– Соңғы үш жыл бойы «MINI­BOSS» Қазақстандағы жастардың кә­сіпкерлік әлеуетін арттыруды қолға алды. Ал Атырауда биыл жұмы­сын бастаған мектеп өңірдегі жас өнер­тапқыштардың бастамасын қолдауға ниет білдірді. Халықаралық бизнес-мектептің қолдауына алғашқылардың қатарында ие болған Назарбаев зият­керлік мектебінің бес оқушысы – білім ұясындағы конкурстарда көзге түскен, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының балалары, – дейді бизнес-мектептің директоры Лилиана Хегай.

Оның айтуынша, аталған оқу орнын Еуропалық бизнесті дамыту қауымдастығы қар­жыландырады. Қа­зір зияткерлік мектеп­тің бес оқу­шысына 7500 еуро көлеміндегі білім гранты бөлінді. Оқушылар теориялық білімді түрлі ойындар, тәжірибелер негізінде меңгереді. Кейін өздерінің жобасын инвесторлар алдында қорғайды. Оқушы­лар ұсынған идея сәтті болса, кейін ұлттық чем­­пионатта бақ сынайды. Сондай-ақ жо­баны әрі қарай қаржыландыру жолы қарас­тырылатыны белгілі болды.

– Мақсатымыз – әлемнің 15 елінен биз­нестегі жастардың бас қосатын ақтық са­йысына жолдама алу. Оған қатысу үшін тынымсыз еңбектену керек. Қазір оқу­шы­лар өз жобасын дайындауды бастады, – дейді халық­аралық «MINIBOSS» бизнес-мек­тебінің директоры Лилиана Хегай.

 

Атырау облысы