• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қараша, 2020

Әкелерді ұлықтауға арналған жиын

434 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жа­нын­да­ғы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнін­­дегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Бүгінгі күннің әкелері» тақырыбына V республикалық әкелер форумы офлайн және онлайн форматта өтті.

Іс-шараның мақсаты – әкелік инс­титутты дамыту, отбасылық құн­ды­­лықтарды нығайту, гендерлік тең­дік және жас ұрпаққа білім беру мәсе­ле­ле­рі бойынша мүдделі тараптар үшін диалог алаңын құру.

Форумды ашқан Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында елдегі отбасылық-демографиялық жағдайды жақсартуына, отбасы инс­титутына ерекше назар аударғанын, бұл балаға отбасында дұрыс тәрбие мен лайықты білім беруді, отбасының, қоғамның және елдің игілігі үшін адал өмір сүруге және жұмыс істеуге үйретуді қалай қамтамасыз ету туралы тағы бір рет ойлауға негіз екенін атап өтті.

– Биылғы қиындық­та­рға қара­мастан, біздің басты мақ­са­ты­мыз ел экономикасын нығайту, азамат­та­рымыздың әл-ауқатын жақ­сар­ту және жас ұрпақты тәрбиелеу болып қала береді. Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия қоғамда және отбасында әкелік институттың рөлін арттыру жас ұрпақты тәр­бие­леу­дегі маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады, – деді Ләззат Сүлеймен.           

Форумды «Әкелер Одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет жүргізді. Форумда «Әкелер одағы» РҚБ және «Білім-Инновация» ХҚҚ 12-16 қазан аралығында «Әке жолы – ізгі жол» атты «Әкелер апталығы» онлайн режімінде өтті, сондай-ақ Instagram және ZOOM платформасы арқылы, өткізу тәжірибесімен бөлісті. Бұл іс-шара Қазақстанда «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Дарын» РҒПО, Әкелер Одағы РҚБ-ның тікелей қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылды.

Апта ішінде республиканың 70-тен астам мектеп пен 2,5 мыңнан астам белсенді әке байқаулар мен турнирлерге қатысты. Өзара іс-қи­мыл жасалынды, әкелердің бала тәрбие­сін­дегі беделін арттыруға, отбасылық құн­дылықтарды дамытып нығайтуға серпін беретін тақырыптарды тал­қы­лады. Бұл іс-шараға 600-ден астам әке-қатысушы онлайн режі­мін­де қатысты.

Форумда отбасылық тәрбиенің өзек­ті мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығы, отбасылардың, бала­лардың мүдделерін қорғауға қаты­са­тын үкіметтік емес ұйымдар мен мем­лекеттік органдардың арасында сын­дарлы диалог өтті. Осы бағыттағы жұ­мысты жақсарту бойынша нақты ұсы­ныстар талқыланды.