Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов өзінің қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасы арқылы қала тұрғындарына жасаған үндеуінде мәлімдеген.
Қала әкімі өзінің отбасын Рудныйға көшіріп алғанын және қаланың қай шағынауданында тұратынын жасырмай айтты.
"Көптеген адам менің жалақым мен отбасымның тұрғылықты жеріне қызығушылық танытады. Бұған дейін хабарлағанымдай, өз отбасымды Рудный қаласына көшірдім және біз 20-шы шағын ауданда тұрамыз. Менің жалақым міндетті аударымдардан кейін 390 мың теңгеден сәл асады", деді ол.