Түркіменстан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік шекарадан өтуге және халықаралық көлік байланыстарына уақытша шектеулер енгізді. Бұл туралы бүгін Orient ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Шектеулер Түркіменстан азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке қабылданған шешімдерді қоспағанда, халықаралық әуе, теңіз, теміржол және автомобиль байланыстарындағы шектеулер де ұзартылды.
"Бұл шаралар елге жедел жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында енгізіліп отыр", делінген хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін 30 қазанда Түркіменстан өз азаматтарын Қазақстаннан қайтарып алып кеткен еді.