Измирде жер сілкінісінен 33 сағаттан кейін зардап шегушіні үйінді астынан алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік жариялаған кадрларда құтқару операциясы көрсетілген. Алдымен құтқарушылар үйінділерді тазартады, содан кейін зардап шегушіні жедел жәрдемге жеткізеді.
Еске салайық, 6,6 балдық жер сілкінісі 30 қазанда Түркияның батысында болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде, Измир провинциясының Сеферихисар қаласының маңында болды.