Мұнайлы өңірдің бір топ азаматына "Халық алғысы" медалі тапсырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Халық алғысы" медаліне 181 атыраулық ие болды. Олардың арасында еріктілер, медицина қызметкерлері мен полицейлер бар.
"Коронавирус инфекциясымен күресте медицина қызметкерлері мен еріктілердің еңбегін айрықша бағалаймыз. Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгеннен бері ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктелді. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қорғап, қоғамдық тәртіпті бақылауға үлес қосты", деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.