• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

БҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамалды

461 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы мен оның көмекшісіне қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Еске салайық, Болатбек Каюповтың ұсталғаны туралы 29 қазанда белгілі болған еді.

Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Каюпов серіктесімен бірге 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан атқарылған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге ЖШС-пен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жалпы сомасы 78 миллион теңге пара алғанын хабарлаған еді.