• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2020

Көшеде кісі өмірін сақтап қалды

242 рет
көрсетілді

Рудный қаласының учаскелік инспекторы Айдос Құлымбетов көшеде денсаулығы күрт нашарлап, құлап қалған қала тұрғынына алғашқы меди­циналық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалды.

Аман қалған азаматтың жұбайы Светлана Комиссарова полиция қызмет­керіне алғыс білдірді.

– Екеуміз таңертең әлдебір шаруалармен көшеге шықтық. Пионерский және Дзержинский көшелерінің қиылысында күйеуім қатты ауырып, есінен танып қалды. Қатты қорыққаным соншалық, шошынып, не істерімді білмей абдырап қалдым. Қолымнан бар келгені, айналадағы адамдарды көмекке шақыру ғана болды, – деп еске алады сол күнгі оқиғаны С.Комиссарва.

Дәл осы сәтте олардың жанынан өз кө­л­­і­­гі­мен учаскелік полиция қызметкері өтіп бара жатқан. Ол жерде жатқан кісі­ні көре сала көмекке жетіп келіп, нау­қас­қа ал­ғаш­қы медициналық көмек көр­сетіп­ті. Содан кейін тәртіп сақшысы ерлі-за­йып­ты­ны көлігіне отырғызып, ауруханаға апарған.

– Қазір күйеуімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ дәрігерлер «Егер полицей дер кезінде көмек көрсетпегенде, мұның арты орны толмас қайғыға ұласуы әбден мүмкін еді», деді. Қызметтік борышын атқарып жүрмесе де, жолдан бұрылып келіп, күйеуімнің өмірін құтқарып қалған тәртіп сақшысына зор алғыс айтамын, – дейді бір өлімнен қалған азаматтың зайыбы.

Полиция сапында бес жылдан бері борышын өтеп келе жатқан Айдос бұған дейін де бірнеше адамды құтқарған екен. 2018 жылы қып-қызыл оттың ортасынан адамдарды аман алып шыққан учас­ке инс­пекторы Ішкі істер министрінің қолынан «Ерлігі үшін» медалін алыпты.

– Күнделікті жұмысымыз осы ғой. Есінен танып жатқан адам көзін ашқанда өзім де қуанып кеттім, – дейді тәртіп сақшысы.

 

Қостанай облысы