• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2020

Шымкент гарнизонында ведомствоаралық кеңес өтті

295 рет
көрсетілді

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 35748 әскери бөлімінің мәдени-демалыс орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы "әскерде қылмысқа орын жоқ" бағдарламасын орындау туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес Шымкент гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Бағлан Телеудің бастауымен гарнизондағы әскери бөлім басшыларымен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кеңеске ҚР ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ гарнизондағы әскери бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияларының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен өтті.

Отырыс барысында Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Нүркен Қарағұлов пен гарнизонның әскери прокуроры әділет полковнигі Бағлан Телеу сөз сөйледі.

Сонымен қатар, кеңес барысында 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша әскери бөлімдердің командирлерінің әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы баядамалары тыңдалды.

Гарнизонның әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офицері әділет майоры Марат Әбубәкір өз сөзінде құқық қорғау органдарының өкілдерімен қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге және әскери бөлімдер басшылығына қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға және басқа да заңдарды бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қолдау көрсетуге назар аударды.

Түркістан облысы және Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары "Қарулы Күштері – Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің қызметі туралы баяндама жасады. Олар жергілікті әскери басқару органдарында жоғарыда аталған кеңселердің іске қосылуы арқасында қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді, олар іс жүргізушілердің құжат айналымын едәуір азайғанын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелін едәуір кемейгенін және азаматтардың әскери комиссариаттар қызметкерлеріне сенімін арттырып жатқанын атап өтті.

Барлық баяндамалар аяқталғаннан кейін гарнизонның әскери прокуроры әділет полковнигі Бағлан Телеу гарнизонның әскери бөлімдерінің командирлеріне құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмау, сондай-ақ әскери қылмыстар бойынша ҚР ҚК баптарын жеткізе отырып, алдын алу жұмыстарын жалғастыру жөнінде нақты ұсыныстар берді.

Отырыс аяғында ҚР Қарулы Күштері қатарында бұрындары жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы бейнефильм көрсетілді.

Ведомствоаралық кеңес аяқталғаннан кейін әскери бөлімдердің командирлеріне қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу бойынша міндеттер қойылды.