• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қараша, 2020

Елжан Біртанов қамалды

533 рет
көрсетілді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Елжан Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санцияланған.

"Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", дейді комитеттен.