• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2020

Қазақстандық фермерлер Германияда іс-тәжірибеден өтеді

177 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы мен Германияның ауыл шаруашылығы министрлігі сүт шаруашылығындағы фермерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Отандық және неміс сарапшыларының бастамасымен кеңес беріліп, қазақстандық мамандарға Германияда ұзақмерзімді іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасалады.

Неміс тарапынан жобаны орындаушылар қатарында GFA Consulting Group GmbH, ADT Project Consulting GmbH және IAK Agrar Consulting GmbH сияқты консалгтингтік компаниялар бар.

Қазақстан жағынан "Мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісінің қазақ ғылыми-зерттеу институты" ЖШС және "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ ат салысады.

Жобаға қатысуға Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының 100-ге жуық шаруашылығынан 16 сүт фермасы іріктелді. Павлодар облысында неміс компаниялары "Агро-Даму" ЖШС, "Сергей", "Конвишер" және "Шаров" ШҚ-мен серіктес болады.

Жуырда неміс компаниясының өкілдері Уве Веддиге және Торайғыров университетінің "Агроинновациялар және биотехнологиялар" ҒЗИ-нің директоры Қайрулла Ахажанов "Сергей" ШҚ-ның базасында облыс фермерлеріне арналған семинар өткізді.

Шара барысында малдың табанын өңдеу, ақсақ малды есептеу, оны емдеу және алдын алу бойынша ой өрбітілді. Ынтымақтастық аясындағы ортақ жұмыс 2019-2023 жылдарында атқарылып, Қазақстанның сүт саласына инвесторларды тарту көзделген.