• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қараша, 2020

Токиода Oлимпиада алауының құтысына арналған көрме ашылды

138 рет
көрсетілді

Токиода 2021 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарындағы алау эстафетасында қолданылатын құтылар көрмесі ашылды деп жазады Olympic.kz. 

Аталған көрме алдағы сегіз ай ішінде Жапония астанасындағы 62 ауданды аралайды. Бұл жергілікті тұрғындардың Олимпиада қарсаңындағы дайындығын арттыру үшін жасалатын қадам болмақ.  Олимпиада алауының эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында Фукусима префектурасында басталады. Эстафета 121 күнге созылады. 

Айта кетелік, Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты төртжылдық додасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды.