Батыс Қазақстан облысында ұлының үйлену тойын жасаған ауыл әкімі қызметінен босатылады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Бүгін COVID-19 таратпау жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Ғали Есқалиев Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі Татжан Өтемісовтің ұлының үйлену тойын өткізу дерегі расталғанын сұрады.
БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев 9 қазан мен 9 қараша аралығында ауыл әкімі кезекті демалыста екенін хабарлады. "Осыған байланысты тексеру жүргізілді. Татжан Өтемісов 9 қарашаға дейін демалыста. 10 қарашадан бастап ол қызметінен босатылады. Сонымен қатар, Татжан Өтемісовке қатысты карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Батаев.