• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2020

Ойыншық тапаншамен қорқытқан тұрғын ұсталды

693 рет
көрсетілді

30 қазан күні кешке Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 25 жастағы тұрғын арызданған. Ол   қалалық аурухана алдында бір жас жігіт оны тапаншаға ұқсас затпен оны қорқытып, автокөлігіне мінгісі келгенін хабарлапты.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы тез арада жетіп,  жәбірленушіден өзін қорқытқан жігіттің бет-әлпетінің сипаттамасын алып, полиция экипаждарына бағыт-бағдар береді.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде көп ұзамай 29 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды.  Одан айғақты зат ретінде ойыншық  тапанша тәркіленді.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  115-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.