• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2020

Түркістанда көрші елдермен шекаралас аудандарда бақылау күшейтілді

243 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы медициналық ұйымдардың карантиндік стационарларында төсек-орындар саны артып, 400-ге жуықтады. Шет мемлекеттерден келген азаматтар коронавирус инфекциясына сынама тапсырып, нәтижесі шыққанға дейін аталмыш орталықтарда уақытша оқшауланады. Шекаралас аудандарда бақылау күшейтілді, деп Egemen.kz

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың мәліметінше, оқшаулау орталықтары Сарыағаш, Атакент, Кентау қалалары мен Сайрам, Қазығұрт  және Келес аудандарында да ашылған. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты карантиндік стационар 180 төсек-орынға артты. Соңғы мәлімет бойынша, карантиндік стационарларда облыс бойынша 56 адам дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов шекаралас ауданда орналасқан карантиндік стационарды аралап, медицина қызметкерлерінің індеттің таралуына тосқауыл қою амалдарын пысықтады. Аудандық аурухана зертханасының  тәулігіне 500-ге жуық коронавирус инфекциясына сынама алу мүмкіндігі бар. Таяу уақытта жеке оттегі станциясы іске қосылады. Емдеу мекемесі 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Айта кетелік, 3-қараша күнгі дерек бойынша, соңғы үш тәулікте облыста  коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмеген.

 

Түркістан облысы