Волонтерлік - әрбір жастың, әрбір азаматтың өзінің жеке қалауымен осы қоғамға кішкене болса да қосатын үлесі. 2020 жыл мемлекетімізде "Еріктілер жылы" деп жарияланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған орай еліміздің әр қаласында жастар арасынан "Еріктілер тобы" құрылған. Осы құрылған еріктілер тобының басты мақсаты, көмекке мұқтаж әрбір адамға қол ұшын беріп, қайырымдылық іс-шараларын өткізу. Осыған орай еліміздің әр қаласында жастар арасынан "Еріктілер тобы" құрылған. Осы құрылған еріктілер тобының басты мақсаты, көмекке мұқтаж әрбір адамға қол ұшын беріп, қайырымдылық іс-шараларын өткізу. Осы орайда қайырымдылық іс-шаралардың бірі Алматы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Мәңгілік Қазақстан" қоғамдық қоры және еріктілер тобының ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Наурызбай ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға көмек көрсетілді.
"Мәңгілік Қазақстан" қоғамдық қорымен бірлесіп сотталғандар арасында психолог маманымен психоәлеуметтік диагностика іс-шарасы өткізілді. Бұл әдіс арқылы психолог маманы сотталғандардың диагностикалық қырынан олардың эмоцияларын бақылады.
Сонымен қатар Алматы қаласының құрылған еріктілер тобы "Мәңгілік Қазақстан" қоғамдық қорымен бірлесіп, Наурызбай ауданы пробация қызметі есебінде тұрған көп балалы және аз қамтылған бірнеше сотталғандар жанұясына азық-түлікпен көмек көрсетілді.