• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қараша, 2020

ШҚО-да техникалар қар күреуге дайын

324 рет
көрсетілді

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазиновтың айтуынша Семей қаласы қыс маусымына 100% дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаланы қардан тазартуға арналған 80 техника әзір тұр. Оның ішінде автогрейдерлер, тиегіштер, сыпыру-щетка техникасы және құм шашқыштар бар.

"Биыл біз "Семей Тазалық" ЖШС-мен үш жылдық келісім-шарт жасастық. Бұрын мұндай тәжірибе қолданылмаған. Жыл сайын бізде конкурс өткізіліп, жеңімпаз тек бір жылға анықталатын. Бірақ, үлкен қалалардың тәжірибесін ескере отырып, шарт үш жылға ұзартылды. Кәсіпорындардың дайын болғанымен, техникаларда аздаған кемшіліктер бар. Бірақ олар жақын арада шешіледі", - деді Нұрлан Серғазинов.

Соңғы жаңалықтар