Пандемияның жаңа толқынына және тұрақтандыру қорына дайындық аясында Алматыда дәрілік препараттар мен медициналық өнімдердің қоры бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жалпы, тұрақтандыру қорының аясында 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін кемінде 40 млн дәрі-дәрімек пен медициналық өнімдерді жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 33 млн медициналық препарат әкелінді, оның 14 миллионы нарыққа сатылып, қалғаны қоймаларда сақтаулы. Сонымен бірге, қажет болған жағдайда фармацевтикалық препараттарды нарыққа жеткізу үшін пайдаланылатын 8 млн дәрі-дәрмектің төмендетілмейтін ең аз қоры сақталуда.
Тұрақтандыру қорының өнімдері орналасқан қоймалардың бірін аралау барысында «BIOLA» медициналық фармацевтикалық компаниясы» ЖШС бас директоры Ләззат Ишкаева әлеуметтік маңызы бар медициналық өнімдердің қоры бар екенін хабарлады.
«Алматы қаласының әкімдігі дәрі-дәрімектер мен медициналық өнімдердің тапшылығын болдырмау мақсатында тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін қаражат бөлді. Аталған қоймада тұрақтандыру қоры бойынша ең көп сұранысқа ие медициналық бұйымдар - шприцтер, системалар, термометрлер бар. Қараша айының басында біз медициналық бұйымдардың алты айлық қорын сатып алдық және қалыптастырдық: 100 мың электронды және сынапты термометрлер көлемінде термометрлер, 2 млн астам инфузиялық сұйықтықтар және 5 мл-лік 22 млн шприц ", - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ағымдағы жылдың 4 қарашасында уақытша сақтау қоймаларында 7 млн астам инфузиялық сұйықтық пен 5 млн шприц кедендік ресімдеуді күтуде. 128 мың сынап және 160 мың электрондық термометр жеткізіледі деп күтілуде.
"Қорды толықтыру тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл сұраныс жоғары болған жағдайда қарбаласты теңдестіруге және жеткізілім ағынын икемді басқаруға мүмкіндік береді. Алматының жедел штабы күн сайынғы негізде қаланың бөлшек сауда желілеріне тауар көлемін тиеп-жөнелтуге мониторинг жүргізеді. Әрбір 20 күн сайын қала билігі қалдықтарды тіркейді, осылайша тұрақтандыру қоры аясындағы тауарлардың қалдықтарын жедел қадағалап отырады", - деп атап өтті Л.Ишкаева.
Фарминдустрияның өкілдері хабарлағандай, Алматыда медициналық өнімдерге сұраныс бүгінгі күні пандемияға дейінгі қалыпты деңгейде.
Бұған дейін ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова коронавирус инфекциясын емдеу үшін нозология енгізілгенін, соның негізінде бес дәрі енгізілгенін хабарлады. Халық бұл препараттарды тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тіркелген кезде емханалардан ала алады. Осылайша, Алматыда барлық бес түрлі препарат: апиксабан, дабигатран, ибупрофен, ривароксабан, парацетамол бар.