• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2020

Атырауда соттан қашып жүрген Грузияның азаматы ұсталды

252 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 35 жастағы  шетелдік 3 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Енді оны Грузияға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Департаменттің экстремизмге қарсы іс-әрекет басқармасының қызметкерлері 3 қарашада Грузия Республикасының азаматын ұстады. Ер адамды Грузия полициясы 2012 жылдың желтоқсан айынан бері алаяқтықжасағаны үшін іздестіріп келеді. Оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. 2017 жылдың мамыр айында Тбилиси соты оны 7 жылға сырттай бас бостандығынан айырды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Атырау облысы