Пандемия кезінде жүкті әйелдерге медициналық көмек үздіксіз көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.
Оның айтуынша, COVID-19 жұқтыру қаупін төмендету мақсатында жүкті әйелдерді жоспарлы қабылдауға алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.
«Қазақстанда ана өлімінің күрт артуына жүкті әйелдер арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының асқынуымен байланысты болып отыр. Өткен жылға қарағанда 2,8 есе өскен. Ал нәрестелер өлімі көрсеткіші төмендеді. Бұл жүкті әйелдердің физиологиясына да байланысты. Жүкті болғанда әйелдердің денсаулығына күш түседі. Сонымен қатар, гормоналдық, басқа да фондарға байланысты, тамырларына, өкпе жұмысына түсетін салмақ артады. Бұған вирус қосылып, ауру күшейсе, жағдай нашарлайды. Сондықтан бұл ауру аналар өлімінің басты себебі болып отыр», - деді вице-министр.