• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2020

Шаруашылық жетекшісі Ішкі істер министрінен көмек күтеді

1263 рет
көрсетілді

Аудандық, облыстық полиция қызметкерлерінен күдер үзген шаруа қожалығының жетекшісі Ержан Сәбитов еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтан көмек сұрап, бейне-үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының тұрғыны Ержан Сәбитов 2015 жылы отбасылық шаруашылық құрып, Ақжартас ауылында мал өсіре бастайды. Өкінішке орай, ұрылар мазасын әбден қашырған. Биылдың өзінде 148 қой, 11 бас сиыры жоғалған. Ал былтыр ұрылар 26 бас жылқысын қолды қылған. Енді міне, 1 қарашада 400 орама шөбін өртеп жіберген.

"Құрметті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев мырза! Мен Сәбитов Ержан Сейтәшімұлы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының тұрғынымын. 2015 жылы отбасылық шаруашылық құрғам. Ол шаруашылық ақжартас ауылында. Алайда соңғы жылдары мал ұрлығы өршіп тұр. Тек биыл менен 148 бас қой, 11 бас сиыр, былтыр 26 бас жылқым жоғалды. Қараша айының бірі күні таңғы сағат үшке таяу 400 рулон шөбім мен мал қораны өртеп жіберді. Облыстық, аудандық полициядан еш қайыр жоқ. Арыздан нәтиже жоқ. Әлі бір де қылмыс ашылмады. Құрметті министр мырза, үмітім сізде. Көмек етіңіз", дейді қожалық жетекшісі Ержан Сәбитов.

Облыстық полиция департаменті берген ақпараттарға сүйенсек, жыл басынан бері мал ұрлығының 232 фактісі тіркелген. Ал 2019 жылы 293 мал ұрлығы болған. Жалпы алғанда Шығыс Қазақстан аймағында 442 бас мал жоғалса, оның 278-і табылып, иесіне қайтарылған екен. 

 

Шығыс Қазақстан облысы