• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Кино 05 Қараша, 2020

Қазақстан мен Украина киногерлері серіктестік орнату мүмкіндіктерін талқылайды

191 рет
көрсетілді

26 қараша онлайн форматта, "Қазақстан–Украина: серіктестік орнату мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шараны Қазақстаннның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, Одесса Халықаралық кинофестивалі және DzygaMDB онлайн платформасы ұйымдастырған.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан мен Украинаның жетекші продюсерлері мен кино қайраткерлері қатысады. Одесса Халықаралық кинофестивалінің бас продюсері, Украина киноакадемиясының Бақылау кеңесінің мүшесі Юлия Синькевич пен Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Қазақстанның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының халықаралық стратегия бойынша кураторы Анна Качко болашақтағы халықаралық серіктестікке жол ашатын киноиндустрия саласындағы әр елдің мүмкіндіктерін таныстыратын болады. 

Сондай-ақ, дөңгелек үстел шеңберінде, алты жобаның авторлары (үшеуі Украинадан және үшеуі Қазақстаннан) екі ел бірлесіп шығаруы үшін өз идеяларын ұсына алады. Қатысуға өтінім 16 қарашаға дейін қабылданады. Өтінім беру үшін сілтемедегі форманы толтыру қажет.  

Жобалар ұйымдастыру комитетімен іріктеліп, қорытындысы 20 қарашада айтылады. Дөңгелек үстелден кейін жобалар каталогқа жинақталып, барлық қатысушыларға жіберіледі, сонымен қатар,  DzygaMDB платформасында және ҰКҚМО сайтында жарияланатын болады.

"Украинаның кино саласы бүгінде қарқынды дамуда, соңғы жылдары индустрияны ілгерілетуге көмектесетін және басқа елдермен бірлескен өндірісті ынталандыратын бірқатар ұйымдар мен механизмдер пайда болды. Қазақстанда 2019 жылы "Кинематография туралы" Заңның қабылдануына, рибейт жүйесінің және халықаралық бірлескен өнімдерге арналған қосымша мүмкіндіктердің енгізілуіне байланысты,  серіктестік орнатуға деген үлкен қызығушылық бар. Менің ойымша, қазақстандық және украиналық кино қайраткерлерінің арасында қарым-қатынас орнатуға және жұмыс алаңын құруға қазір жақсы кезең. Біздің елдерді көп нәрсе біріктіреді және жақын арада бірлескен киножобалар да пайда болады деп үміттенемін", дейді ҰКҚМО Басқарма Төрағасының кеңесшісі  Анна Качко.