• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қараша, 2020

Қазақстандықтар жұмыс орнында жаттығу жасап тұратын болды

573 рет
көрсетілді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс орнында физикалық жаттығулар жасау туралы ережелер бекітті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр бекіткен ережеге сәйкес, дене жаттығулары ұйымдарда жұмыс уақытында жүргізіліп тұруы керек. Жұмыс беруші орындалатын жұмыс түріне, еңбек жағдайына, қызметкердің жасына және жынысына байланысты арнайы жаттығуларды дайындайды. Қызметкерлер жаттығу жасайтын бөлме таза болуы керек және жаттығуға дейін бөлме желдетілуі қажет.

Дене жаттығулары жұмыс күнінің бірінші жартысында 10-15 минут уақыт аралығында жасалуы керек. Әр 3-4 апта сайын жаттығу түрлерін алмастыруға болады. 

Министрдің айтуынша, бой жазу бас пен денені созудан және баяу еңкеюден, бұрылудан немесе аяқтың ұшымен жүруден және қол-аяқтың айналмалы қозғалысынан тұрады.