• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2020

Қазақстанның тағы бір қаласына блокпосттар қойылады

872 рет
көрсетілді

Қараша кіргелі Қостанай облысында эпидемиялық ахуал ушығып, коронавируспен ауырған науқастардың саны күн санап өсіп барады. Індеп етек алып бара жатқан індеттің бетін қайтару мақсатында облыстық жедел штаб 9-қарашадан бастап карантин шараларын 2 апта мерзімге қатайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен, алдағы дүйсенбіден бастап:

- Қостанай қаласының айналасына жәнеРесеймен шекаралас  

Аудандарға кіреберіс жердегі автокөлік жолдарынатосқауыл бекеттері қойылады;

- күн сайын 10-нан астам тұрғыны коронавирус жұқтырған елді

мекендерге санитарлық тосқауыл бекеттері қойылады;

- ПЦР анықтамасы жоқ жүк көліктері мен жолаушылар Қостанай

облысына кіргізілмейді. Анықтамасыз жолаушылар екікүндік тексеруден өту үшін карантиндік госпитальға жіберіледі;

- әуе жолаушылары өздерімен бірге міндетті түрде теріс нәтиже

тексеру көрсеткенін растайтын ПЦР-анықтамаалып жүруі керек (жарамдылық мерзімі – 3 тәулік);

- жолаушыларды қарсы алушылар мен шығарып салушылар

әуежайлар мен теміржол вокзалдарына кіре алмайды (билеті бар адамдар ғана кіре алады);

- темір жол тасымалының көлемі мен жиілігі қысқарады («Қазақстан

темір жолы» АҚ-ның келісімімен);

- облыс аумағындағы елді мекендердің тұрғындарына сағат 21:00-ден

06:00-ге дейін жүруге шектеу қойылады;

- Қоғамдық көліктердің жұмыс істеуіне сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді; - Діни нысандардың жұмысы тоқтатылады (мешіт, шіркеу, собор,

синагог, т.б.);

- Мәдени нысандардың, кітапханалар мен музейлердің қызметі

тоқтатылады;

- Қоғамдық тамақтану орындары сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ 30-дан көп адамның бірге тамақтануына тыйым салынады. Отбасылық, ұжымдық отырыстар мен салтанатты шараларға, ас өткізуге рұқсат етілмейді;   - Сұлулық салондары мен шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орындар келушілерді жазбаша кезекке қою арқылы сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді; - Фитнес-орталықтары мен жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру орталықтары жұмыс күндері алдын ала жазбаша кезекке тіркеу тәртібімен сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда бір адамға арналған орын 5шаршы метрден кем емес болуы шарт.  Бұл нысандар демалыс, мереке күндері жұмысын тоқтатады; - Спортшылардың Қазақстан Республикасынан шет жерлерге оқу-

жаттығу жиындарына, жарыстарға баруына шектеу қойылады;

- Жерлеу рәсімі барысында 20-дан артық  адамның (отбасы мүшелері

мен жақын туыстар) бір жерге шоғырлануына болмайды. Мұндай жағдайда 2 метрден кем емес арақашықтық сақталуы шарт;

- Жиналыс (кеңес) өткізуге тыйым салынады; - Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметшілерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істейді; - Таксиге 2 адамнан артық мінуге болмайды және такси жұмысына

сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеу қойылады;

- Театрлар мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтайды; - Сауда үйлері, сауда орталықтары мен азық-түліктен басқа тауарлар

сататын дүкендер сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді;

- Азық-түлік дүкендері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді; - Термопарк жұмысын тоқтатады; - Демалыс және мереке күндері қалааралық қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды.

 

Қостанай облысы