Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева соңғы бес апта ішінде коронавирус жұқтырғандар жайында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Соңғы 5 ішінде ауруханаға өзі жүгінген және үйде байланыста болған науқастар қатары өсіп отыр. Бұл дегеніміз қала тұрғындарының сақтық шараларын сақтамағанын білдіреді. Мәселен, соңғы 5 аптада тіркелгендердің 38 пайызы медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды, ал 35 пайызы науқастармен байланыс бойынша зертханалық тексеру кезінде анықталған, сондай-ақ 27 пайызы (160 жағдай) профилактикалық тексеру кезінде тіркелді. Байланыс жағдайларының арасында үй ошақтарында инфекция басым болады және стационардағы жұмыс бойынша 8 пайыз", - деді Ж. Пірәлиева.
Оның айтуынша, оқу жылыныі басынан бері елордада 45 оқушы індет жұқтырған, оның ішінде 39-ы қашықтан оқып жатқандар.
"Оқу жылының басынан бері барлығы 47 мектеп оқушысы індет жұқтырды, оның 39-ы қашықтан білім алып жатқандар. Байланыста болғандар арасында індет тіркелген жоқ. Сондай-ақ қашықтан оқып жатқан 12 студент, басқа салаларда жұмыс істейтін 290 (оның ішінде 121-і қашықтан) адам, жұмыс істемейтін 164 тұрғын, зейнеткерлер санатындағы 78 адам коронавирус жұқтырды", - деді ол.