• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2013

Бюджет жобасы Мәжіліске қайтарылды

281 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті отырысы болды. Депутаттар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады.

 

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті отырысы болды. Депутаттар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады.

Заң жобасы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау, тиісті инфрақұрылымды салуға инвестициялар тарту, көрмеге келушілер мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа инновациялық технологиялар енгізу, туристік саланы дамыту және Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту мәселелерін заңнамалық тұрғыдан реттеуге бағытталған.

Палата 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістерді қабылдады. Нақтылау нәтижесінде бюджеттің игерілмеген қара­жа­ты жалпы сомасы 100,0 мил­лиард теңгені құрайтын ин­вестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Оның ішінде: «Жезқазған–Бейнеу» теміржол желісінің құрылысы – 30,0 миллиард теңге; «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайта отырып, одан әрі «Байтерек» ҰБХ» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту – 30,0 миллиард теңге; ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық – 20,0 миллиард теңге; ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің орнына тұрғын үйлер салу жобасын іске асыру үшін «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласы әкімдігі уәкілетті ұйымының «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-қа кредитті қайтаруы – 20,0 миллиард теңге.

Сенаторлар, сондай-ақ, кей­бір заңнамалық актілерге бюджет заңнамасын жетілдіру мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Құжат Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыруға және нәтижелерге негізделген Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

Сенат «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заңды да қабылдады. Жер бе­ріл­геннен кейін белгілі бір ке­зең ішінде игерілмесе, бұл жер­лерге арттырылған салық мөлшерлемелерін енгізу көзделіп отыр. Одан басқа, Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында заң жобасында жеке тұлғалардың мүлкіне, көлік құралдарына салықтарды және акциздер мөлшерлемелерін арттыру жөніндегі нормалар қамтылған. Сонымен қатар, заң жобасында салықтық әкімшілік ету мәселелерін жетілдіруге ба­ғытталған нормалар да көзделген.

Депутаттар одан басқа, «2014-2016 жылдарға арналған рес­публикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» заң жобасын да қабылдады.

Заң жобасымен мынандай мөлшер белгіленіп отыр: облыстық бюджеттер, республикалық ма­ңы­зы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілетін рес­публикалық бюджетке бюд­жеттік алып қоюлар 2014 жылы – 132,0 миллиард теңге, 2015 жылы – 168,5 миллиард теңге, 2016 жылы – 213,9 миллиард теңге; республикалық бюд­жеттен облыстық бюджетке, астананың бюджеттеріне бері­ле­тін бюджеттік субвенциялар 2014 жылы – 978,1 миллиард теңге, 2015 жылы – 904,4 миллиард теңге, 2016 жылы – 836,9 миллиард теңге болды.

Палата, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қо­рынан 2014-2016 жылдарға ар­налған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын да қабылдады. Онда осы үш жыл­дық мерзімде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі жыл сайын 1 380,0 миллиард теңге болып белгіленді.

«2014-2016 жылдарға ар­налған республикалық бюджет туралы» заңның жобасын талқылау барысында Мә­жі­лісте мақұлданған жобаға өз­герістер мен толықтырулар ен­гізу қажеттігі туындады. Өз­ге­рістер өңірлердегі білім беру, денсаулық сақтау және көлік салаларындағы, сондай-ақ, халық өмірінің жағдайын жақсарту мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымдарын сапалық тұрғыда жаңарту жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталған.

Одан басқа, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бо­йынша қызметтер бағасын субси­диялауға, Моноқалаларды да­мытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шең­берінде инженерлік инфра­құ­рылымды дамытуға, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған шығыстарды ұлғайту қолдау тапты. Сонымен қатар, минералдық-шикізат кешенін дамытуға, кен орындары бойынша іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ, ауылдарды сумен қамтамасыз ету үшін қосымша қаржыландыру көзделіп отыр. Бұл заң жобасына сенаторлар өзгерістер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.

Сенат отырысына Премьер-Министр Серік Ахметов, Ұлт­тық банк төрағасы Қайрат Ке­лім­бетов, Үкімет мүшелері, ұлт­тық компаниялар мен даму инс­титуттарының басшылары қатысты.

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан эконо­ми­касының одан әрі дамуы үшін аса қажетті заң жобалары жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданғанын атап өтті. Ол Үкімет мүшелері мен депу­таттардың бірлесіп атқарған жұ­мыстары үшін алғыс айтты.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар