• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 05 Қараша, 2020

Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы әзірленуде

279 рет
көрсетілді

Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшелерінің Ақпараттық және әлеуметтік даму министрімен кездесуі өтті, онда Президенттің Жолдауын іске асыру аясында "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасын әзірлеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы бұл кездесу қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негіздерін қалыптастыруға және азаматтық қоғамның одан әрі дамуына жағдай жасауға арналғанын айтты.

Сенатор жұмыс тобы құрылғанын және жоба бойынша жұмыс жоспары дайындалғанын тілге тиек етті.  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева заң жобасы қазақстандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқанын ескерді. Министр Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есеп беруіне бағытталған қоғамдық бақылау тетіктерін әзірлеу қажеттігін айтқанын баса айтты.

Депутаттарға еңбек заңнамасының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның қатысуы, құқықтық актілердің мониторингі бойынша қоғамдық бақылау толық жүзеге асырылмай жатқандығы туралы ақпарат берілді. Мұндай жағдай тиісті заңның болмауынабайланысты пайда болды.

"Заңның шеңберінде қоғамдық бақылаудың мақсат, міндеттеріне арналған тәсілдер көрсетілген жалпы сипат болады. Заң жобасы адам құқықтарының, заңдылықтың, еріктіліктің, объективтіліктің, ашықтықпен жариялылықтың басымдығы қағидаттарын бекітеді", деді министр Аида Балаева.

Азаматтық сектор өз кезегінде қоғамды елдің саясижәне әлеуметтік-экономикалық жаңару процестеріне тартуды көздейтін ұсыныстар жасады. Сонымен қатар қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Онлайн-отырысқа Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, азаматтық альянс, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның өкілдері, сондай-ақ Сенат сарапшылар клубының мүшелері қатысты.