• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2020

Атырауда шілдеден бері 75 млн теңге айыппұл салынды

276 рет
көрсетілді

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантиндік шектеу  шараларының сақталуын 110 моблильдік топ қадалағайды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Биылғы 5 шілде – 4 қараша  аралығында облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мобильді топпен бірге   облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында 4057 рейдтік тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесімен шағын және орта бизнес нысандары мен  жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқыбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігімен 540 әкімшілік іс қозғалды. Соған сәйкес 75 481 390 теңгенің  айыппұлы салынды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.