• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапшылар саны артады

253 рет
көрсетілді

НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың үйлестірушісі ретінде конкурстық рәсімдердің қорытындылары бойынша айқындалған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті НҚА жобаларын қабылдау бойынша жұмысты бастады.

Алғашқы 3 күнде әзірлеуші органдардан 320-дан астам НҚА жобалары келіп түсті.Осыған байланысты, НҚА жобаларына уақтылы және сапалы қорытындыларды дайындау үшін Үйлестіруші мынадай кезеңдерді қамтитын сарапшыларды қайта конкурстық іріктеуді бастады:1) құжаттарды қабылдау (5 жұмыс күні, ағымдығы жылы 9-13 қараша аралығында);2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (2 жұмыс күні, 16-18 қараша аралығында);3) кандидаттарды онлайн-тестілеуді өткізу (1 сағат ішінде - 23 қарашада өткізіледі);4) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен әңгімелесу (3 жұмыс күні ішінде, ағымдағы жылы 30 қарашаға дейін).Жалпы, іріктеудің барлық кезеңдеріне 16 жұмыс күні беріледі.Конкурстық іріктеуге қатысуға сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкес келетін барлық тілек білдірген азаматтар шақырылады, олармен Агенттік пен үйлестірушінің сайтында толығырақ танысуға болады.Құрамында университет қызметкерлері, Қоғамдық кеңес, арнайы мониторингтік топ, «Солтүстік-Қазақстандық медиа-орталығы» ҚҚ мен Агенттіктің өкілдері бар конкурстық комиссия іріктеу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен үміткерлер сарапшылар тізіліміне енгізіл, ағымдағы жылдың 2 желтоқсанынан бастап сараптама жүргізуге жіберіледі.