Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда діни бірлестік көп адамды жинап, басқосу өткізген, деп хабарлайды Egemen.kz
"Святость" діни бірлестігі Атырау ықшамауданындағы екі қабатты үйде 40-қа жуық адамды жинап, діни шара өткізгені анықталды. Жиналған адамдармен дастархан басында отырыс ұйымдастырған. Бірлестік әкімшілігіне қатысты анықталған заң бұзушылық бойынша жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік шара алынды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.