• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қараша, 2020

Польшадағы қазақстандық студенттің қазасына қатысты тергеу бақылауда

432 рет
көрсетілді

Қазақстанның Варшавадағы Елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына қатысты тергеуді ерекше бақылауда ұстауда.

Польшаның құқық қорғау органдарының мәліметінше, жергілікті полиция кісі өлтірген күдіктіні және оның жолдасын - осы елдің азаматтарын ұстады. Біріншісіне кісі өлтірді деген айып тағылды, ал оның досы тергеуге кедергі келтірді және көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Күдікті аңшы екені анықталды және қазақстандық студенттер тұрған жаққа оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.Қазақстан тарапы Польша билігіне барынша мұқият тергеу жүргізуді және барлық кінәлілерді жазалау туралы өтініш білдірді. Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарды рәсімдеп, марқұмның денесін отанына жіберу бойынша шаралар қабылдауда.Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары олардың сезімдері мен жеке өміріне қол сұқпау құқығын құрметтеуді, осы трагедия төңірегінде дүрліктірмеуді сұрайды.