Бүгін жергілікті уақытпен 13:38-де Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында 6 балл магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды КАБАР агенттігі.
Қырғыз Республикасы ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, зілзала ошағы Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында, Пульгон ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым, Қадамжай қала типтес ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым, Ынтымақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым және Ош қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 95 шақырым жерде орналасқан.