• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2020

Атырауда әскерде болған сарбаздар отбасына оралды

717 рет
көрсетілді

Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқылардың қатарында 70 сарбаз отбасына оралды. Осыған орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz

«Бір жыл ішінде сарбаздар әскери мамандықтарды игерді. Жауынгерлік дайындықта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Ауқымды арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар мен «Алтын жебе» кешенді тексерісіне қатысты. Жауынгерлер қару-жарақты шебер меңгере білді. Далалық жағдайда өмір сүруге үйренді.Сонымен қатар, запасқа шыққандар арасында келісімшартпен әскери қызметті жалғастыруға шешім қабылдағандар бар» деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

Үлгілі әскери тәртібі, жауынгерлік және дене шынықтыру жаттығуларындағы жоғары көрсеткіші үшін сарбаздар дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік сарбаздар әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізілді. Бірқатар әскери қызметшілерге кезекті әскери шен беріліп, физикалық дайындығымен көзге түскен сарбаздарға «Спортшы-жауынгер» төсбелгісі табысталды.