• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2020

“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ жаңа сервис орталығы ашылады

160 рет
көрсетілді

“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ жаңа сервис орталығының ашылуы 9 қарашада өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ сервис орталығынан газбен жабдықтау үшін техникалық шарттар алуға болады, сондай-ақ газ қосуға өтінімдер қабылданады. Аталған орталыққа Көктал-1,2; Железнодорожный, Промышленный, Агроқалашық елді-мекендерінің тұрғындары жүгіне алады.

Мекенжайы: Республика даңғылы, 24 үй, Парасат" БО.Жұмыс кестесі 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Еске сала кетейік, елордада тұрғын үй алаптарында газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жалғасуда. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінген, тұрғын үй алаптары кезең-кезеңімен газға қосылатын болады. Газдандыру экологияны жақсартуға және тұрғындар денсаулығына жағымды әсер етіп қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді.

Айта кетсек, бір текше метр газдың бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендеді.