Өскеменге жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицинақызметкерлерімен кездесіп, коронавирустың таралуына қатысты мәселелерді талқылады.
Министрдің айтуынша, желтоқсан айында короновирус инфекциясы көбеюі мүмкін.
- Ауру көбейді деп үрейленудің қажеті жоқ, бұл қалыпты жағдай. Біздің мақсатымыз барлық ошақтарды жойып, стационарларда тиісті ем-шараларды жүргізу. Ең бастысы, өлім-жітім санын азайту, - деді министр.
Министр сонымен қатар, Ана мен бала орталығы, №4 қалалық аурухананың пульмонологиялық орталығы, №2 қалалық емхананың филиалы, мамандандырылған медициналық орталық пенкөпсалалы онкология және хирургия орталығының жұмыстарымен танысты.
- Әрбір науқас пен ауру ошағы ерекше бақылауға алынған. Барлық азаматтарды қажетті көмекпен қамтамасыз ету үшін төсек-орын да жеткілікті. Жалпы Шығыс Қазақстан алға қойылған міндеттерді орындай алатынына сенмідіміз. Ендігі жұмыс министрлікпен тікелей байланыста жүргізілетін болады, - деді Алексей Цой.
Министр әсіресе, облыстық Онкология және хирургия орталығына ерекше назар аударды. Мұнда диагностика жасау мен емдеуде бірегей құрал-жабдықтар қолданылады.
Жалпы, жұмыс сапары барысында министр Шығыс Қазақстан коронавирустың толқынына төтеп беруге дайын екенін айтты.
Шығыс Қазақстан облысы