• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2020

Еліміздің төрт облысында жаңа шектеулер күшіне енді

416 рет
көрсетілді

Қазақстанның төрт облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралмауы бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді.

Ақмола облысында: Көкшетауда блокбекеттер орнатылды; күн сайынғы өсім 10 жағдайдан асқан елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды; Көкшетау - Алматы және Көкшетау - Ақтау бағытындағы әуе қатынасы аптасына екі реттен бір ретке қысқарды; Көкшетау - Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үшке дейін қысқарды; облыс ішінде транзит жолаушылар теміржол құрамын тоқтату тыйым салынды; діни нысандардың, театрлардың, кинотеатрлардың және мәдениет нысандарының жұмысы тоқтатылды; жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы бір уақытта 30 адамнан артық келуші жиналмай, 30 адамнан артық орны бар нысандар үшін - жұмыс уақыты шектеліп, келушілер саны 50 пайыздан аспайтындай етіп шектелді және тағы басқа талаптар.

Қостанай облысында:

Қостанайда қаланың периметрі бойынша блокбекеттер орната отырып, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізілсін;

КВИ-дың күн сайынғы өсімі 10-нан асатын елді мекендерде санитариялық блокбекеттер орнату;

Жүк көлігі мен жолаушыларға Қостанай облысына ПТР анықтамасыз кіруіне тыйым салынсын, болмаған жағдайда адамдар тексерілу үшін 2 күнге карантиндік госпитальға жатқызылады;

Әуе жолаушыларында нәтижесі теріс ПТР анықтамасы міндетті түрде болуы керек (мерзімі берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);

Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы 21:00-ден 06:00-ге дейін шектелсін;

Қоғамдық көліктің жұмысына 06.00-ден 20.00-ге дейін толымдылығы отыратын орындар саны бойынша ғана рұқсат беру.

Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

Үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі, алайда ғимаратта келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс, жұмыс күндері жұмыс режимін 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар және т.б. өткізбеу, 21.00-ден кейін тек алып кету және жеткізу жұмыс істейді. Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін алып кету және жеткізу арқылы ғана жұмыс істеу;

Такси қызметін 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеу, жолаушылар саны 2 адамнан аспауы керек;Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс режимге көшіру;

Театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру. Сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.

Павлодар облысында:

Павлодарда блокбекеттер орнатылды; күнделікті КВИ жағдайы 10-нан асатын елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды; Павлодар - Алматы ( аптасына 10 рейстен 5-ке дейін), Павлодар - Нұр-Сұлтан (үштен бірге) және Павлодар - Шымкен (екіден бірге дейін) әуе рейстері қысқартылды;

Толығырақ Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысынан танысуға болады.

Солтүстік Қазақстан облысы:

СҚО периметрі бойынша блокбекеттер орнатылды; күнделікті КВИ жағдайы 10-нан асатын елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды; Петропавл - Алматы бағытындағы теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үш ретке қысқартылды; облыс ішінде теміржол құрамдарын тоқтатуға тыйым салынды; Солтүстік Қазақстан облысынан әуе немесе теміржол көлігі арқылы шығатын жолаушылардың ПТР-тесті теріс нәтижемен болуы керек. Анықтама алған күннен бастап 3 тәулікке жарамды. 5 жасқа дейінгі балаларға бұл талап қойылмайды және тағы басқа талаптар.