• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қараша, 2020

Қыста дене температурасын қалай өлшеген дұрыс?

631 рет
көрсетілді

Қазір эпидемияға байланысты кез келген ғимаратқа кірген адамның міндетті түрде дене температурасы өлшенеді. Күн суытқалы сырттан келген адамдардың қызуын өлшеу баяғыша болмайды. "2К" ресейлік инжинирингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Иван Андриевский суықтан денесі әбден салқындап қалған адамның дәл температурасын қалай өлшеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, күн суытқалы қоғамдық орындарда келушілердің дене температурасын өлшеуде қателіктер болуы мүмкін.

"Егер суық ауадан кіргеннен кейін лазерлік термометр 36,6 градусты көрсетсе, онда ол адамның температурасы  негізінде жоғары болуы мүмкін. Бұл 37,6 градус деген сөз", - деді Иван Андриевский.

Қатені болдырмаудың және температураны байланыссыз дәл өлшеудің бір жолы бар. Ол үшін маман ғимаратқа кірген адамды үш-бес минут күтуге және процедураны қайталауға кеңес береді. 

"Егер қызу өлшегіш құрал 37 немесе 36,9 температурасын тіркесе, онда бұл адамның температурасы жоғары екендігінің белгісі. Суық ауадан келген адамның қолдары әлбетте салқындап қалады. Сол үшін  мұндай жағдайда адамды жылы бөлмеде үш-бес минут күтіп, оның температурасын қайта өлшеу керек. Осылайша біз дәл көрсеткіштерге қол жеткіземіз", - деді ол.