Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова алтын валюта активтері жайында айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазанда алтынның бағасы төмендеу траекториясын жалғастырды және бір айда бір унция үшін 1883,4 доллардан 1875,8 долларға немесе 0,4%-ға төмендеді. Бағалы металдар нарығындағы негізгі анықтаушы фактор АҚШ-тағы сайлауға қатысты белгісіздік болды.
"Алтын бағасының төмендеуі іс жүзінде ҚР Ұлттық банкінің алтын портфеліне әсер етпегенін айта кеткен жөн, өйткені ол басым құқықты іске асыру шеңберінде отандық алтынды сатып алумен реттелген болатын. Қазанның соңында Ұлттық Банктің алтын портфелі 23,2 млрд долларды құрады.Дегенмен, алдын ала деректер бойынша алтынвалюта активтері бір айда 200 млн долларға қысқарып, қазанның соңында 33,6 млрд долларды құрады", деп атап Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Әлия Молдабекованың айтуынша, алтынвалюта активінің төмендеуі негізінен шамамен 90 млн доллар көлемінде мемлекеттік борышты төлеуге және 91,3 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізуге байланысты болды.