• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Қараша, 2020

Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы тағайындалды

283 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Адайбек Калиев облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Адайбек Калиев 1987 жылы Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы C.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Шетпе ауылында "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып бастаған.

Кейін "Маңғыстау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бөлім басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.