• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Қараша, 2020

Елордада жаңа паркур алаңы пайда болады

202 рет
көрсетілді

Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысындағы жерде паркур алаңы бар қоғамдық кеңістік пайда болады. Бұл туралы Egemen.kz Архитектура, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл аумақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ маңындағы көпір кеңістігі - жаңа тартылыс нүктесінің қасында орналасқан. Аталған аумақта ересектер мен балаларға арналған бөлек паркур-алаңдар салу жоспарлануда.

Сонымен қатар орындықтар мен шатырлары бар әткеншектер орналастырылатын тыныш аймақтар құрылады. Жобада авторлық шағын сәулет нысандары пайдаланылатын болады. Бұл жұмыс келесі жылға жоспарланған.