Қостанай облысында бірнеше есірткі қылмысы әшкереленді. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Өтетілеуов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қостанай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шаралар барысында есірткі құралдары мен психотроптық-синтетикалық заттарды тәркіледі.
"2020 жылғы 28 қазанда Қостанай қаласының Дөненбаева көшесінде 40 жастағы әйел ұсталды. Тексеру барысында одан 17 түйіншек есірткі тәріздес зат сақтағаны анықталды. Ашық түсті зат сараптамаға жіберіліп, жалпы салмағы 6 грамм болатын "героин" екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2 қараша Қостанай қаласындағы "Юбилейный" шағын ауданында 20 жастағы ер адам ұсталды, оның пәтерін тексеру барысында ас үйіндегі газ плитасының ішінде таспамен оралған, ішінде ақ ұнтақ бар 19 полимерлі түйіншек табылды.
Сонымен қатар, түрлі түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар тағы 4 полиэтилен пакет тәркіленді, синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 36 гр құрады. Ұсталған адамға қатысты "Күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді", дейді Талғат Өтетілеуов.