• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Қараша, 2020

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

135 рет
көрсетілді

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 10 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Петропавлда көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына кей жерлерде 15-20 метрге жетеді.

Қостанайда батыстан секундына 15-20 жылдамдықпен жел соғады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Өскеменде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. Семейде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік - батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан, кей жерлерде 16 м/с жылдамдықпен жел соғады.