Альбер Камю
Ол – Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған алғашқы африкалық. Ал негізі Алжирде туған.
* * *
Футболды ерекше жақсы көрді. Әрқашан қақпашы болатын.
* * *
Өмір бойы темекіге қатты құмар болған. Тіпті мысығын «Сигарет» деп атапты.
* * *
Жүгері ботқасын сүйіп жейтін.
* * *
Альбер Камю шығармаларын тұрып жазады екен. Бұл қатарда Эрнест Хемингуэй, Владимир Набоков пен Вирджиния Вульф та бар.
* * *
Өз бетімен «Театр командасын» құрған. Онда Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтарын» қойып, өзі Иван Карамазовтың рөлінде ойнапты.
* * *
1946 жылы Нью-Йоркке сапарында ол Орталық зоопаркқа жиырма рет барады. Автордың жан-жануарға қызығушылығын осыдан-ақ байқауға болар, сірә.
* * *
Жазушы жол апатынан 46 жасында қайтыс болды.
Владимир Маяковский
Қандай да бір ауру, бактерия, микробтардан ерекше сақтанатын. Сол үшін сабын салғышын әрқашан өзімен бірге алып жүріпті.
* * *
Бильярд пен карта ойындарын қатты жақсы көрген.
* * *
Бар ғұмырында үш рет қамауға алынды.
* * *
Бірнеше фильмде ойнаған.
* * *
Мұқтаж қария кісілерге әрқашан ақша беретін.
* * *
Итті өте қатты жақсы көрді. Саяхаттауды да ұнатқан.
* * *
Маяковский әдетте өлеңді жаяу жүріп шығаратын. Кейде жаңа ұйқас табу үшін 15-20 км жол жүруге тура келіпті.
Иоганн Гете
Әлем әдебиетіне «Фаусты» сыйлаған автор сарымсақтың иісіне һәм темекінің түтініне шыдамайтын болған. Сондай-ақ иттің үргенін де жек көріпті.
* * *
Өзіне ұнамайтын адамдарға көзілдірікпен қарайтын.
* * *
Гете шегіргүлдің (фиалка) хош иісін жақсы көргені соншалық әр сапарында түрлі сорттарын сатып әкеліпті. Ол гүлдерді өз үйінде ғана емес, Веймардың көп жерлерінде өсірген. Сондықтан да бұл қала «гүлдер қаласы» деген мәртебеге ие болыпты. Қазіргі таңда да Германияда шегіргүлді «Гетенің гүлдері» деп атайды екен.
Пушкин һәм «Евгений Онегин»
«Евгений Онегин» жеті жыл, төрт ай, он жеті күнде жазылған.
* * *
Алғашқы бөлімдерінде жас Пушкиннің айналасындағы таныс адамдар кейіпкер болыпты. Негізінен, олар театр әртістері еді.
* * *
Бірде картадан ұтылған Пушкин ақшасын қайтарып алу үшін «Евгений Онегиннің» бесінші тарауының қолжазбасын тігеді. Жеңіледі де қолжазбаны Загражский ұтып алады. Сонда Александр Сергеевич конға бір қорап дуэль тапаншаларын қойыпты. Сөйтіп, «Онегинді» қайтарып алады.
* * *
Дантеспен соңғы дуэль Онегин мен Ленскийдің оқиғасына ұқсас. Алайда Пушкин өзінің өлімін дәл болжады: Дантес Онегин секілді тосқауылға жетпей атып тастады. Ал Пушкин Ленский сияқты енді нысананы көздеп жатқан еді. Тағы бір ұқсастық: Онегин мен Дантес сол кезде 25 жаста болатын.
* * *
Ақын әу баста Онегинді Кавказға соғысуға жіберуді, яки оны декабристке айналдыруды ойлапты. Бірақ соңында шығарманың түйінін оқырман еркіне қалдыруды жөн санаған.
Иван Бунин
Жақсы физикалық дайындығының һәм ымдау өнерінің байлығының арқасында жазушы актер бола алды. Оған К.С.Станиславскийдің өзі Гамлеттің рөлін ұсынған.
* * *
Бунин дәрі-дәрмектердің қорапшалары мен ыдыстарын жинауға, сондай-ақ ол адамның желкесі мен аяқ қолдарына қарап бет бейнесін анықтауға қызықты.
* * *
Ол өте күмәншіл және ырымшыл адам болыпты. Он үшінші қатардағы үстелге тап келсе, отырмаған һәм «ф» әрпіне иррационалды ұнамсыздықты сезінетін.
* * *
Бунин – КСРО-дағы алғаш басылған эмигрант қаламгер.
Михаил Булгаков
Өзі барған театр, концерт билеттерінің коллекциясын жинады.
* * *
Автор арнайы бір альбомға шығармалары туралы, әсіресе пьесалары хақындағы сыни мақалаларды жинап сақтаған. Жарияланған рецензиялардың ішінде, Булгаковтың санауы бойынша 298 мақала автор туындыларын теріске шығарса, тек 3 мақала ғана жақсы жағынан бағалаған.
* * *
Жазу үстелінің жанында ескі ойылған сурет ілініп тұратын. Онда өмір баспалдақтары бейнеленеген.
* * *
Сегіз жасында алғаш рет «Париж Құдай анасының соборын» («Собор Парижской Богоматери») оқып, өмірінің соңына дейін санасында жатталып қалыпты.
* * *
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* * *
Жазушы үйінде шынымен Бегемот асыраған. Бірақ ол ит болатын.
* * *
Булгаков биліктің 9 рет ауысқанына куә болды.