• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2020

3 адам қайтыс болды: Алматы облысында үй өртенді

421 рет
көрсетілді

Талғар қарасында тұрғын үй өртеніп, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 

"10 қараша сағат 03.40-та Алматы облысы ТЖД-не Талғар қаласында жеке сектордағы үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді.. Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ, үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрт сағат 04.06-да оқшауланып, сағат 04.50-де толығымен сөндірілді", деді Талғат Уәли.

Өрттің аумағы 40 шаршы метрді құраған. Өрттің тұтану себептері анықталуда.