• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қараша, 2020

Польшада қабан орнына оққа ұшқан қазақстандық үшін наразылық акциясы өтті

148 рет
көрсетілді

Польша тұрғындары 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты гүл шоқтары мен шырақтар қойды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы  "Еуразия бірінші арнасы" мәлімдеді. 

"Ол жігіт бағдарламашы болуды армандап, біздің еліміздегі мықты сарапшылардан білім алуға келді. Енді оның орнына үйіне сүйегін апара жатыр. Бұл сұмдық қой!", - дейді наразылық акциясын ұйымдастырушы Михаль Вольный. 

Митингіге шыққандар аңшылардың құқығын шектеуді, оларға үнемі тексеріс жүргізіп, тұрғын үйлердің маңында қару қолдануға тыйым салуды талап етті.

"Бақылаусыз әрекет етіп жүргендерін көріп отырсыздар. Қалағанын істейді, адамдарды өлтіреді! Иманәлидің басынан өткен қайғылы жағдай ешқашан қайталанбағанын қалаймыз", - деді белсенді. 

Еске салайық, 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген аңшы студентті қабан деп ойлап қалғанын айтқан. Ол 8 жылға сотталуы мүмкін. Екінші адам жәбірленушіге дер кезінде көмектеспегені үшін күдікке ілінген. Ол 5 жылға сотталуы мүмкін. 

Польша аңшылар қауымдастығының өкілдері күдікті қылмыс жасаған кезде аңшылықпен емес, браконьерлікпен айналысқанын мәлімдеді.