• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2013

Құрлық әскерлерінің әдістемелік жиыны

580 рет
көрсетілді

Астананың маңындағы №36 десанттық-шабуылдаушы бригадасының базасында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің қа­­ты­суымен ұйым­­­дастыру-әдістемелік жиыны болып өтті.

Астананың маңындағы №36 десанттық-шабуылдаушы бригадасының базасында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің қа­­ты­суымен ұйым­­­дастыру-әдістемелік жиыны болып өтті.

Аталған жиында Құрлық әскер­лерінің барлық әскери бө­лім­дері мен құрамаларының бірінші басшылары теория және физикалық дайындықтары бойын­ша сынақ тапсырды. Сондай-ақ, аймақтық қолбасшылықтар басқару органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен командалық-штабтық ойын жаттығулары өткізіліп, олардың дұрыс шешім қабылдай алатын қабілеттері жан-жақты тексерілді. Жедел қолбасшылық ұжымының әрбір қабылдаған шешімдері картаға түсіп жатса, сымсыз желі оларды орталықпен байланыстырып тұрды.

Жалпы, әскери оқу-жатты­ғулары бойынша Әуеұтқыр күш­тері жақсы нәтиже көрсетті. М.Майкеевтің айтуынша, келе­сі жылдан бастап Бас штаб қол­басшысының бұйрығына орай барлық күш роталар мен взвод­тардың даярлығына жұмыл­дырылып, олардың дербес әрі ұйымдасқан әрекетін құра білуіне бағытталатын болады. Сондай-ақ, келесі жылы әуеұтқыр күштерінің оқу-жаттығуы нәтижесінде өзенді кешіп өту арқылы 400 шақырым жердегі соғыс аймағына дер кезінде жету уақыты еңсерілетін болады.

Сонымен қатар, ұйымдастыру-әдістемелік жиыны барысында Құрлық әскерлері қолбасшысының әскери дайындық бойынша орынбасары, генерал-лейтенант Әмір Халиковтің жетекшілігімен Ақтау теңіз жаяу әскері базасында нысананы мүлтіксіз ату жаттығулары өткізілді. Жылжымалы немесе тербелмелі нысаналарды дәлдеп ату оңайға түспеді. Әйтсе де бұл жаттығуларды орындауда шебер­лігімен танылғандар да жеткілікті болды. Жалпы, мұнда полигонда өткізілуі тиіс ату жаттығулары да орындала береді. Нысана мен көздеушінің арасы 100 метр болғанымен, нысананы барынша кішірейту арқылы 300 немесе 500 метрлік арақашықтыққа ату жаттығулары орындалады. Мұндай ату орындары ашық аспан астында және жабық жағдайда да ұйымдастырылады. Мысалы, жабық тирде күндізгі уақытта да түнгі нысанды атуға мүмкіндік жасалған. Инфрақызыл сәуле ататын нысананы көз алдыңа анық келтіре қояды. Және де атылған оқтардың қаншалықты нысанаға дөп тиіп жатқанын монитордан бақылауға мүмкіндік жасалады. Қазір мұндай тирлер әскери бөлімдердің көбінде енгізіле бастаған.

Құрлық әскерлері бас қолбас­шысының тәрбие жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасеновтің сөзіне қарағанда, осындай ату орындарын жетілдіру арқылы уақыт пен оқ-дәрілерді үнемдеу 30-40 пайызға жеткен. Тирде сержант Сәрсенәлі Батырашевті сөзге тартқан кезі­мізде, ол даладағы оқ ату орнында 40 адам бұған екі сағат жіберсе, жабық тирде осыншама адамға 20 минуттың өзі жеткілікті екендігін алға тартты. Осылайша, құрлық әскерлеріндегі оқу-жаттығулар жылдан-жылға жетілдіріліп келе жатқанын ерекше айта кету керек.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар