• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2013

Дәрігерлер уланған қызға «есуас» деген диагноз қойған

358 рет
көрсетілді

Астанада дәрігерлер уланып, ауруханаға түскен қызға «ақылынан адасқан» деген диагноз қойған. Соның салдарынан агротехникалық университеттің 3-курс студенті Жанар Нұрғазинова қайтыс болып кеткен.

Астанада дәрігерлер уланып, ауруханаға түскен қызға «ақылынан адасқан» деген диагноз қойған. Соның салдарынан агротехникалық университеттің 3-курс студенті Жанар Нұрғазинова қайтыс болып кеткен.

Ауруханаға улану себебімен келген 20 жасар бойжеткен осы­лайша өзін бірінші қараған дәрі­герлердің қателігінен психиа­триялық диспансерге ауысты­рылған. Осы жерде мүлдем басқа ем алған оның жағдайы күрт нашарлап, ақыры жантәсілім еткен.

Шынтуайтында, 29 қыркүйек күні астан ұшынған Жанар екі күн нәр татпай жатады. Жағдайы тіпті нашарлап бара жатқан соң, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына барады. Бұл кезде бойынан әл кетіп, әбден қалжырап қалған қызға қалай болса солай қараған ақ халаттылар оны дұрыстап тексермеген. Соның салдарынан одан улану белгісін көре алмаған. Ақырында эскулаптар онсыз да әрең сөйлеп отырған Жанардың бірде-бір сөзіне құлақ аспай, оның құрбысымен сөзге келіп қалғанын алға тартып, «ақылынан адасқан» деген үкім шығара салған. Мұндай да болады екен!

Тап осындай салқын қабыл­дауды Ж.Нұрғазинова кейін пси­хиатриялық диспансерден де көрді. Ондағы медиктер қыздың халін «қалыпты» деп бағалап, сол күйі қараусыз қалдырған. Осылай іші іріп кеткен науқас ақыры түсініксіз жағдайда көз жұмады. Соңынан сараптама оның астан уланып, инфекцияның ағзаға жайылып кетуінен ми бөлігінің ісінгенін анықтады.

Қазір Астана қалалық прокуратурасы аталмыш фактіге байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл дерек бойынша қызға дұрыс қарамаған дәрігерлердің үстінен тергеу жүргізіле басталды.

«Сырқат уақтылы тексеріліп, диагностика жүргізілмеген. Са­рап­тама шықпай тұрып, құқық қор­ғау органдары қылмыстық іс қо­з­ғаудан бас тартқан. Алай­да, сараптама нәтижесі дәрі­гер­лердің салғырттығын көр­сет­ті. Сондықтан, Астана қалалық прокуратурасы аталмыш жайт­қа қатысты қылмыстық іс қоз­ға­ды», дейді Астана қаласы проку­рату­ра­сының басқарма басшысы Данияр Ертеков.

Айта кетейік, агротехникалық университеттің 3-курс студенті Жанар Нұрғазинова биылғы 2 қазан күні жұқпалы аурулар ауруханасына өз аяғымен барған. Ал бір күннен кейін оның мүрдесі психиатриялық диспансерден шыққан.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар